Орал: «Әйел-қыздар секторы» игі іс-шарасы

    325

    Әлемді дүрліктіріп отырған коронавирус індеті күн санап өршіп келеді. Осыған орай Орал орталық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша «Әйел-қыздар секторы» игі іс-шараны қолға алды.

    Сектор жетекшісі Анаргүл Демеуотованың ұйымдастыруымен мешіт жанындағы әйелдер діни сауат ашу курсы шәкірттеріне бетперде тігуді қолға алды. Олар осындай қиын-қыстау уақытта аса қажетті бетпердені өз қолымен көптеп тігіп, қала жұртшылығына 250 данасын тегін таратты.

    Қайырымдылық – асыл дініміздің ең басты бағыттарының бірі. Сауапты іс жасап, қиындықта адам баласына қол ұшын созу – Исламнан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеттеріне «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деп өткен. Ел басына түскен сынаққа сабырлықпен қарсы тұрып, жамағат арасында ауызбіршілік пен еңбектің маңыздылығын барынша түсіндіріп жатырмыз, – дейді Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ақмола: Қорытынды жиналыс өтті

    Пікір жазу