KAZISLAM – Білім күніне орай ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Анаргүл Демеутова мен облыстық мешіттің наиб имамы Наурыз Убаевтың қолдауымен орталық мешітте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Алдымен облыстық орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев сөз алып, Білім күнімен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласында көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп жасындағы балаларға 80 мектеп сөмкесі мен оқу құралы үлестірілді. Дәл осындай игі шара Сырым, Жәнібек, тағы басқа аудандарда жалғасын тапты.

Ата-аналар қайырлы істің басы-қасында жүрген Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаевқа, облыстық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Анаргүл Демеутоваға, демеушілік көрсеткен барлық жомарт жандарға алғыс білдірді.

Пікір жазу