KAZISLAM – Нұр-Сұлтан қаласының ерлер құрамасы «Асық атудан» өткен республикалық онлайн чемпионатта бірінші орынға ие болды.

«Асық ату» чемпионатына республика бойынша 12 команда қатысқан.  Елордалық Әділхан Жұмағұлов, Мырзамұрат Қайыпбеков, Нұрқанат Молжігітов бастаған ерлер құрамасы төртінші рет өздерінің чемпиондық атағын қоғап шықты. Екінші орынды Түркістан облысы иеленсе, үшінші орынға Ақмола облысы қол жеткізген.

Ал, бас қаланың қыздар командасы «Бес асық» бойынша 2 орынды иеленді. Топ құрамында Анаргүл Ходжаниязова, Айжан Серікова, Ұлжалғас Худайбердиева өнер көрсетті. Олар Қостанай облысының спортшыларына есе жіберіп, СҚО спортшыларынан басым түсті.

«5-9 қараша аралығында өткен чемпионатқа Жамбыл, БҚО, СҚО, Қостанай, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақмола,Түркістан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласының спортшыларынан құралған командалар бақ сынады», – деп жариялады елорда әкімдігі сайты.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында 300-ге жуық адам асық ату спорт түрімен айналысады. Олардың ішінде мектеп оқушыларымен қатар ересектер де бар.

Пікір жазу