«Сендерден алдынғы үмбеттер ішінде аянмен сөйлеуші адамдар болған. Егер менің үмбетімнің ішінде сондай біреу болса, ол – Омар[1]»,-деген екен. Сіздерге Пайғамбардың (с.ғ.с.) екінші уәзірінің өнегелі бірқатар ғақлияларын ұсынамыз: Омар бин Хаттаб (р.а.):
«Ақырет амалынан басқа әрбір істе асықпай салқынқандылық танытқан жақсы[2]»,-деген екен.
Омар бин Хаттаб (р.а.):
«Сендерден есеп алынбас бұрын өздеріңе есеп беріңдер. Амалдарың өлшенбей тұрып, өздерің өлшеңдер. Өйткені, ертеңгі күні өздеріңе есеп беру һәм ешбір нәрсе жасырын қалмайтын күні амалдарыңды есептеу қолдарыңнан келмейтін болады[3]»,-деген екен.
Омар бин Хаттаб (р.а.):
«Мен қандай жағдайда таң аттырсам, жақсы күйде ме, жаман жағдайда ма ешбір мән бермеймін. Өйткені, маған мен жақсы көрген жағдайдың немесе ұнатпаған күйдің қайсыбірі ең қайырлы екенінен бейхабармын[4]»,-деген екен.
Омар бин Хаттаб (р.а.):
«Кімде-кім жаман жерге барса, жаман атты болатынын білсін[5]»,-деген екен.
Омар бин Хаттаб (р.а.):
«Жерде сот болған адам көктегі сотқа барғанда тозақи болмақ. Тек әділдікпен билік етіп, ақиқатпен төрелігін айтса, әрі өз нәпсіне ілесіп, туысқанға бүйірі бұрып, біреуге жағынбақ боп немесе біреуден қорқып төрелік жасамастан қарсы алдында Алланың кітабын айна еткендер ғана тозақтан аман қалмақ[6]»,-деген екен.
Омар бин Хаттаб (р.а.):
«Ефраттың жағасында бір қой өлсе, қиямет күні соның есебін Алла Тағала менен сұрайды деп ойлаймын[7]»,-деген екен.
Омар бин Хаттаб (р.а.):
«Сен дүниені тәрк етумен артық жолмен ақырет амалына қол жеткізбегенсің[8]»,-деген екен.
Омар бин Хаттаб (р.а.) әділдік рәмізі, тақуалықта теңдесі жоқ тұлға болды. Бұл теңізден тамшыдай ғана үлгісі.
Руслан ҚАМБАРОВ
[1] Бұхари, Муслим
[2] Ахмед бин Ханбал
[3] Ахмед бин Ханбал
[4] Әбу Дауд
[5]Ибн Әбу Асым
[6]Ахмед бин Ханбал
[7]Хилиат Аулия
[8]Ахмед бин Ханбал