Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында хижаб киген мұсылман әйелі тұңғыш рет төрешілер тізіміне енді.

Сара Гамаль – мысырлық мұсылман, кәсібі – баскетбол төрешісі.

«Өткен маусымда мені Мысыр ерлер лигасының жартылай финалына төреші етіп бекітті. Соның өзі мен үшін үлкен жетістік еді», – дейді ол.

«Ал Олимпиада ойындарында төреші болу – тек өзің үшін ғана емес, бүкіл араб әлемі үшін үлкен жауапкершілік. Оңай ештеңе жоқ, бірақ мен бар күшімді саламын», – деді Сара Гамаль.

32 жастағы мұсылман әйелінің Олимпиада ойындарында төреші болуына 2017 жылы Халықаралық баскетбол федерациясының ережелерге өзгеріс енгізіп, бұған дейінгі орамалға салынған тыйымды алып тастауынан кейін мүмкін болды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Адамдар соңғы уақытта неге агрессияға жақын болып кетті?

«Тіпті кейбір мұсылман емес ойыншылар да менің киімімді мақтап жатыр. Бұл қадамым арқылы өзім секілді орамал таққан спортшы әйелдерге жол ашқаным үшін қуаныштымын», – дейді мысырлық төреші.

Пікір жазу