Алматы қаласының әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен оқушылары интернационалист-жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жас тұрғындар аты аңызға айналған Қазақстан Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтің ерлігін еске алды.

IMG-20200112-WA0001.jpg

Шараға 100-ден астам балалар, Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, әскери оқытушылар мен ата-аналар қатысты.

Ерлік сабақтарының бірінде осындай іс-шараны өткізу идеясын әскери қызметшіге ұсындық. Мен үшін Борис Төкенұлы – аңыз адам. Оның қызметі, солдаттарға деген қамқорлығы туралы оқыған кезде, көзіме еріксізден жас келді, – дейді №95 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Кемар Ясмин.

IMG-20200112-WA0005.jpg

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қатысушылар «Қара майордың» жеке заттары қойылған офицерлер үйіндегі әскери-тарихи мұражайға барды.

IMG-20200112-WA0000.jpg

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Прудки кентінде дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген. Офицерлік қызметін Германияда мотоатқыштар взводының командирі ретінде бастады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасы өтті

1973 жылы барлау ротасының командирі болып тағайындалды, екі жылдан кейін Ортаазиялық әскери округінің бөлімше командирі болып тағайындалды.

1980 жылы ОАӘО 22-бригадасының базасында арнайы мақсаттағы 177-жеке отряды құрылды, оның командирі Борис Керимбаев болып сайланды.

IMG-20200112-WA0004.jpg

177-отрядтың жауынгерлік қызметі Ауғанстанда барлау іздестіру жұмыстарын және операцияларды жүргізу болып табылады.

Жасақтың сәтті әрекеттерінің нәтижесі ретінде Панджшер ауданындағы Ахмад шахтың келісімге келу шешімі болып танылды. Ол ұрыс қимылдарын тоқтатып, Кеңес әскерлерін шатқалдан шығаруды талап етті.

Сол соғыста қызметтестері «әке» деп атаған Керімбаев басқарған жасақта адам шығыны аз болғанымен есте қалған.

Естеріңізге сала кетейік, «Қара майор» 2019 жылы 12 ақпанда созылмалы аурудан көз жұмды.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

Пікір жазу