О. Сәбден: «Түркістанды рухани астанаға айналдыру керек»

    120

    Экономист ғалым Президент жолдауынан алған әсерлерін, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі ой-жоспарларын ортаға салды. Сондай-ақ, ол ғылыми еңбектерінің 22 томдық жинағын Ұлттық кітапханаға табыс етті.«Жаңа Түркістан» жобасының негізгі миссиясы — тарихымызда тұңғыш рет бір аймақ мысалында ежелгі Түркістанды халықаралық деңгейдегі рухани астанаға айналдыру. Адамзаттың рухани дамуын мақсат тұтқан екі жоба да қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде кітапша етіп басылып шықты. Бұл тек қана мәдени тұрғыдан дамуды қамтамасыз етпейді, жаңа жоба арқылы инновациялық даму мүмкіндігінің Қазақстандық жаңа үлгісін дүниежүзіне көрсетуге септігін тигізбек. Егер Астана 21 ғасырдың модерн қаласы болатын болса, Түркістан ескі нақышта біздің тарихымызды көрсететін үлкен құбылыс болайын деп отыр. Өзбектің де, қырғыздың да, тәжіктің де жолы Түркістаннан өтеді. Орта Азияның жолы өтеді. Түркістаннан үлкен логистикалық ХАБ жасау керек. Логистика дегеніміз қазақша айтқанда «ақша». Барлық көлік сол жерден өтеді. Түркістанның 33 пайыз байлығын сол логистика берейін деп тұр» деген ғалым, айтулы жиында «Түркістан өңірі» рухани-жаңа технологиялық кластерін құру туралы жаңа жобасының тұсаукесерін өткізді.

     

    Пікір жазу