KAZISLAM – Елордадағы «Мамулины вкусняшки» жартылай дайын өнімдері сертификатын жаңарту барысында қайта тексерістен өтті, деп хабарлайды halaldamu.kz.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас технолог Айжан Омарова цех аумағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді. «Мамулины вкусняшки» шағын кәсіпорны қонақтарға арналған мерекелік дастархан мәзірінен бастап, күнделікті тұтынатын дәмді тағамдарды да әзірлейді.⠀

Тексеріс жұмыстары әлі де жалғасып жатқандығын, бақылау-қадағалау шаралары толықтай аяқталғаннан кейін ғана «ҚМДБ халал» сертификаты табысталатын болады.

Пікір жазу