KAZISLAM – Нұр-Cұлтан қаласында Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз дүниеге келген айдың құрметіне орай «Мәуліт шарапаты» акциясы ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасы өтті.

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі мен «Gentelmens club» белсенділер тобының ұйытқы болуымен өткен «Мәуліт шарапаты» қаламыздағы 270 отбасыны қамтып, арнайы азық-түлік сөмкелері үйлеріне жеткізіліп берілді.

Шаһар шетіндегі «Әлжан ана» мешітінде өткен игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы мен «Gentelmens club» белсенділер тобының мүшелері қатысып, тарату жұмыстарын жандандыра түсті. «Синергия» университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев бастаған топ мүшелері сауапты шараның ойдағыдай өтуіне белсене атсалысып, мұқтаж отбасыларға жәрдемімен қатар мейірімге жылы лебіздерін де білдіріп қайтты.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Таухид кітабы» жарыққа шықты

Айта кетейік, «Gentelmens club» белсенділер тобы бұған дейін де бірнеше мәрте Нұр-Cұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шараларына қолдау көрсетіп, әсіресе, биылғы пандемия кезіндегі қысылтаяң күндерде жұртқа жәрдем беру жұмыстарына белсене атсалысып келген болатын.

Пікір жазу