Дін саласында әйел жамағатының да атқарар жұмысы көп. Тіпті аса маңызды десек, артық айтқанымыз емес. Себебі әйел ақылды, білімді және иманды болғанда ғана оның тәрбиесін көріп өскен ұл-қыз елдің ертеңі бола алады, деп хабарлайды muftyat.kz.

Бүгінде ҚМДБ жанынан құрылған Әйел-қыздар секторы Мүфтият бекіткен төрт бағыт бойынша және басқа да жұмыстар бойынша жүйелі түрде іс атқарып келеді.

Биыл елімізде екі айдан астам жұқпалы індеттің алдын алу бойынша Төтенше жағдай жарияланып мешіттер мен медреселер уақытша жабылғаны белгілі. Дегенмен осындай қиын-қыстау уақытта Әйел-қыздар секторының Елордадағы және өзге облыс пен қалалардағы, аудан, ауылдардағы мүшелері, әйел ұстаздары қапыда қалмай, халқымызға әлеуметтік, психологиялық, рухани тұрғыдан демеу беріп көптеген игі істерді алғы шепте жүріп еңсерді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  АҚШ: Террористер ауқымды шабуыл жасау жоспарларынан бас тартпайды

Атап айтсақ, жамағатпен Құранды қашықтан оқып, 583 (бес жүз сексен үш) рет хатым етілді.

Ару-аналар қайырымдылық шараларында да белсенділік танытты. Жалпы көлемі 2 357 200 теңге мұқтаж жандарға көмек ретінде үлестірді. Түркістан облысының Мақтарал ауданына көмек ретінде 310 000 теңге аударды. Рамазан айында 716 адамға ауызашар пакеттерін үлестірді. Сонымен қатар 85 түп ағаш көшеттерін екті. Әйел ұстаздар 24 200 адамға өз қолдарымен медициналық бетперде (маска) тігіп үлестірді.

Карантин кезінде бірқатар шаралардың онлайн режимде ұйымдастырылғаны белгілі. Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен онлайн Құран дәрісіне 1 381 қатысса, күнделікті жүйелі түрде 1 757 шәкіртке түрлі тақырыптарда уағыз айтылды. Онлайн дәрістер, рухани марафондар қазіргі уақытта да жалғасып жатыр.

Пікір жазу