Ханафи мәзһабында егер бір адам ашық далада немесе үлкен бір мешітте намаза оқып жақтан болса, ең дұрыс көзқарас бойынша аяқтары мен басын сәждеге қоятын жердің арасын кесіп өту харам болып табылады. Егер бір адам үйде немесе кішкентай мешітте (шамамен 30 шаршы метр) намаз оқып жатқан болса, аяқтары тұрған жер мен қыбыланың дуалына дейінгі жер аралығын кесіп өту харам саналады. Өйткені бұл бір тұтас жер секілді есептеледі. Әрине бұл намаз оқып жатқан адамның алдында қандайда бір сутра болмаған кезге қатысты. Ал алдында сутра болса, сутраның ар жағынан өте беруге болады (У. Зуһәйли. әл-Фиқһул-илами уә әдилләтуһу, 2-т. 77-б.).