Жаңалықтар

Наиб мүфти журналистермен кездесті

Кездесуге ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Астана қалалық футбол федерациясының баспасөз хатшысы Әзиз Жұмаділ, «Қазспорт» телеарнасының редактор-комментаторы Ермек Төрениязов, «Егемен Қазақстан» газетінің спорт шолушысы Дастан Кенжалин, бірнеше сайтты біріктірген «Қазконтент» АҚ-ның редакторы Дәулетхан Жиенқұлов, «Қазақстан» Ұлттық арнасының аға редактор-жүргізушісі Ержан Қалымбайұлы, «Қазақстан Zaman» газетінің шолушысы Нағашыбай Қабылбек қатысты.

Басқосуда салауатты өмір салтын қалыптастыруда журналистердің рөлі жайында жан-жақты талқыланды. Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдеріне жастарды жақсылыққа шақырып, спортпен шұғылдануға үндеу бағытында Діни басқарманың тарапынан атқарылып келе жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

«Дін қызметкерлері тек діннің ғана насихатшысы емес. Біз жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттап келеміз. Астана қаласы бойынша «Салауатты жамағат» деген атпен дәстүрлі футбол турнирі өтіп тұрады», деп атап өтті наиб мүфти.

Кездесу соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен журналистер арасында футболдан турнир өткізу туралы ортақ уағдаластық жасалды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close