Бірде теңізде дүлей дауыл тұрады. Кемедегілер араларында жайбарақат тұрған Ибраһим ибн Адхамға:
– Сен басымызға келген мына пәлекетті көрмей тұрсың ба? – деп сұрайды. Сонда Ибраһим ибн Адхам:
– Бұл айтарлықтай пәлекет емес. Нағыз пәлекет адамдарға күніңнің қарауы, – деген екен.
* * *
Зәйд ибн Мәсләма өз жерінде тал егіп жүреді. Омар (р.а.): оған:
– Дұрыс істеп жатырсың. Өзіңді адамдарға мұқтаж қылма! Бұл діндарлығыңа қорған болады, адамдар да сені сыйлайтын болады. Досың Ухайха ибн Жулах: «Мен Заураны (Мәдинадағы бір жердің аты) суғарып баптауды тоқтатпаймын. Себебі, достар үшін дүниесі бар кісі сыйлы болады» деп өлеңдеткен ғой, – дейді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ