Әнұранды мойындамағандар жауапкершілікке тартылды

    1735

    28 қыркүйекте Атырау қаласындағы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасында кіші аяқ добынан ашық турнир өткен болатын.

    Жарыс барысында ҚР Гимні орындалған сәтте оң қолын жүрек тұсына қоймай, яғни мемлекеттік рәмізге құрмет көрсетпеген еліміздің екі азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылды.

    Заң бұзған екі азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Мемлекеттік Гимнді мойындамаған оларға заңмен белгіленген айыппұл салынды.

    Осы оқиғаға байланысты Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев Атырау облысы ішкі саясат басқармасы мен Атырау қаласы Полиция басқармасына тиісті шара алуды сұрап, хат жолдаған болатын.

    Енді айыппұл салынған екі азаматпен ҚР мемлекеттік рәміздер туралы заңы аясында Атыраудағы бірнеше басқармалар тарапынан түсіндірме жұмыстары мен профилактикалық кездесулер жүреді.

    Пікір жазу