3 қаңтар. KAZISLAM Жуырда Нұр-Мүбарак университетінің мамандары арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысындағы әскери бөлім қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Исламтанушы Оралхан Сейдманов әскерилерге жат ағым өкілдерінің жұмыс істеу тәсілдерімен қатар тәжірибеде кездесетін жағдайларды ғылыми негізбен ұштастырып түсіндіріп берді.

Ал исламтанушы Айша Кеңесбай діннің адамдарға психологиялық ықпал ету жолдарына тоқталып, жат ағымдардың ең кульминациялық шегін сипаттайтын тәкфіршілер және олардың ылаңдарының нәтижесінен жиі туындайтын экстремизм мен терроризмге қатысты  арнайы түсірілген бейнероликтерді көрсетті.

Кездесу соңында әскерилер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Әрі алдағы уақытта осындай дәрістердің жиі болуына өтініштерін білдіріп жатты.

Пікір жазу