Бұл туралы «Нұх кемесі» атты деректі фильмді түсірген Джем Сертесеннің хабарлады.

Ол георадар арқылы жүргізген бірнеше күндік зерттеулерінің нәтижесінде осыған көз жеткізкен. Ақапарат «Анадолу» ақпарат агенттігі арқылы тарады.

Жем Сертесен 23 жыл барысында кез келген адамды бейжай қалдырмайтын, аты аңызға айналған Нұх пайғамбар кемесі жайлы мәлімет жинай бастапты. Ізденістері барысында деректі фильм түсіруді ұйғарған.

Режиссер жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында былай деді:

«Нұх кемесінің іздерін ең алғаш Илхан Дупуринар тапты. Ал, Ара Гүлер оны суретке түсірген алғашқы фотограф. 1985 жылы Салих Байрактутан ол туралы алғашқы ғылыми зерттеулерін жүргізді. Бүгінгі күні аталмыш нысан георадар көмегімен суретке түсіріліп, мейлінше дәлелденіп жатыр. Және осы аумақта археологиялық қазу жұмыстарын жүргізу туралы қаулы даярланды».

Пікір жазу