Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары кезінде «Талаба» қауымдастығының шәкірттеріне тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай 1 млн теңге қайырымдылық көмек көрсетті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елшілікте студенттермен болған кездесуде Діни басқарманың жауапты өкілі Руслан Серғазиевке сыйлықтың сертификатын ресми түрде табыстады.

«Діни басқарма шетелде оқып жатқан шәкірттерге рухани һәм әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Білімнің құбылысы болып саналған Мысыр елінде толыққанды білім алып, елге оралып, қоғам игілігі үшін қызмет етуге шақырамын», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық бағыттағы қаржы ҚМДБ «Зекет» қорынан бөлінді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ислам елдерінде жемқорларға қандай жаза қолданылады?

Пікір жазу