Мысырдағы теракті құрбандары саны 300-ден асты

    87

    Бұл мәліметті РИА Новости Мысырдың МЕНА ресми ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жария етті. Бұған дейінгі деректерде 235 адамның өлгені хабарланған болатын. Соңғы деректі елдің Бас прокуратурасы жариялаған. Қаза болғандар қатарында 27 бала бар. Жарақат алғандар саны 128 адам.

    Синай түбегінің солтүстік аймағындағы қалада орналасқан эр-Роуда мешітіне шабуыл 24 қарашада жасалды. Жасақшылар төрт машинамен келіп, жарылғыш затты іске қосты және мешітке жиылған жамағатқа оқ жаудырды. Терактіні әзірге дейін ешбір ұйым мойнына алған жоқ.

    Қантөгістің ертесі Мысыр әскери әуе күштері жиһадшылардың Синай түбегіндегі бекіністеріне әуеден шабуыл жасап, ДАИШ террорлық ұйымының 30 шамалы адамының көзін жойған.

    Пікір жазу