Мысыр мен Саудия терроризмге қарсы бірігіп күреседі

    131

    Кездесуде араб елдері аймағындағы қауіпсіздік және терроризм мәселесі талқыланды. «Біз бүгінде араб елдерінің басты проблемасы болып отырған терроризмге қарсы күресу мәселелерін талқыладық. Мысыр мен Саудия бірнеше жылдан бері әскери және саяси бағытта серіктес болып жұмыс жасап келеді. Сондықтан, біздерге төніп тұрған терроризм қаупіне қарсы тұруда біздердің тәжірибеміз мол деп айтуға болады» деді Самх Шауқи.

    «Біз терроризмнің қай бағыты болмасын, толықтай қарсы тұрамыз. Бүгінде терроризм секілді ұлтқа қауіп төндіретін құбылыстарға қарсы тұру үшін қолымыздан келген жұмыстарды жасаймыз» деді Саудия Сыртқы істер министрі Адил Жабир.

    Пікір жазу