Саих әл-Әздидің бір саяхатында Ілияс (а.с.) пайғамбармен жолыққандығы жайында бір әңгіме бар. Ол Әздиге дәруіштікті қойып, үйленуіне былай деп насихат айтады:
– Мына төрт әйелге үйленбе. Олар мухталиға, мубариа, аһира және нашиза.
Мухталиға – себепсізден себепсіз күйеуінен талақ сұрай беретін әйел.
Мубария – өзгелерден өзін жоғары санап, дүниелік мүмкіншіліктермен мақтанатын әйел.
Аһира – ашынасы болатын әйел. Құранда; «…астыртын көңілдес болмаулары шартымен…» (Ниса, 25) делінген.
Нашиза – ісімен, сөзімен күйеуінен жоғары тұрғысы келетін, күйеуін мойындамайтын әйел. «Нашиз» сөзі биік жерге қатысты айтылады.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ