Сұрақ: Мұсылмандар соғысуды жақсы көрген бе?

Жауап: Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) әлемдерге мейірімділік ретінде жіберілгенінің міндетін сезіне отырып, адамдарға өз сенімімен еркін өмір сүрулеріне, дінге жаңадан кіргендер қудаланбайтын жаңа отан орнатуға ұмтылды. Соғысу – ең соңғы амал еді. Соның өзінде адам өліміне барынша жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктерін қолданды. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өзі тірі кезіндегі соғыстар ең аз қантөгіспен өткен.

Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) бейбітшілікті орнату үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысты. «Дұшпанмен кездесіп қалмауға тырысыңыз. Егер олармен бетпе-бет келіп қалсаңыз, онда сабырлы болып, шыдамдылық көрсетіңіз!» – деп бұйыра отырып, негізінде соғыстың қалап алатын нәрсе емес екендігін ашық түрде тілге тиек ететін.

Адамдарды күшпен мұсылман жасау сияқты бір мақсаты болмаған Хз.Пайғамбар соғысты бірінші бастаған емес. Шынында Құран Кәрімде дұшпанға қарсы қуатты күшпен дайын болу, қырағы болуға шақырған аяттың соңына: «Егер олар, бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сен де бейімде. Әрі Аллаға тәуекел ет»[1] деп бұйыра отырып, мәжбүр қалған жағдайларда соғысқа дайын болумен қатар,  бейбітшілікке шақыратын әрбір мүмкіндіктерді пайдалануға тырысуды бұйырады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Өмірімді тек құлшылықпен өткізуге Ислам қалай қарайды?

Сонымен қатар, «Әй мүміндер! бүтіндей бейбітшілік пен қауіпсіздікке (Исламға) кіріңдер»[2] деген бұйрықпен амал жасауға міндетті болған мұсылмандарға, Алла жолында соғысқа шыққан кезінде оларға бейбіт келісім жасауға ұсыныс тастауды және «Сен мұсылман емессің!» деп айтпауларын өсиет ететін еді.

Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) қандай да бір соғыс майданында болған кезде де мұсылмандардың белгілі бір этикалық принциптер шеңберінде әрекет жасаулары қажет екендігін білдіреді.

Осы бойынша, дұшпанмен кездесіп қалған жағдайда алдымен келісім жолдарын іздестіру, келісе алмастан соғыс шығып кеткен жағдайда әйелдер, балалар, қарттар және өздерін ғибадатқа арнаған дін адамдары секілді азаматтарға тиіспеуді және тұрғын жайлар мен егістік алаңдардың зақымдалуына жол бермеу негізгі ережелерінің бірі болды. Шынында да, соғыстардың бірінде өлтірілген әйел адам табылған кезде Алла Расулуы әйелдер мен балалардың өлтірілуіне қарсы шықты.

Сахабаларының бірін әскери қолбасшы ретінде тағайындағанда оған арнайы түрде Алланың алдында тақуа иесі болуын, өзімен бірге жүрген мұсылман жауынгерлермен жақсы қарым-қатынас жасауын өсиет еткен.

Балғабек МЫРЗАЕВ

[1] «Анфал» сүресі, 8/60-61.

[2] «Бақара» сүресі, 2/208.

Пікір жазу