Сұрақ: Мұсылман адам қандай болуы керек?

Жауап: Мұсылман – қоғамдағы үлгілі азамат. Ұжымда әріптестерімен жақсы қатынаста, отбасында қамқор әке, көршісімен тату, басқаларды жақсылыққа шақырады, ұрламайды, өтірік айтпайды және т.б.

«Мемлекет азаматы болғандықтан қолынан келгенше сол қоғамға қарсы жасалған әрекеттерге, қылмысқа, адам өліміне, зорлық-зомбылыққа және тонаушылыққа қарсы күресуі тиіс».

Бір сөзбен айтқанда мұсылман – көркем мінез иесі. Біздің жүріс-тұрысымыз, басқалармен қатынасымыз, отбасындағы, ұжымдағы амал мен әрекетеріміз жоғарыда айтылған пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисіне, ғалымдардың сөздеріне қаншалықты сәйкес келеді?

Негізінде кейбір азаматтар көп жағдайда мінезге немесе ішкі дүниесіне емес, сыртқы көрініске ғана көңіл бөлетіні өкінішті. Сырттан көрген біреу өзіне қарап: «О, брат!» немесе «Ахи!» дегенге мәз болады. Сөйтіп, мінез тәрбиесіне мүлдем көңіл бөлмейміз.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ұлт үшін діннің орны қандай?

Басқаларға дөрекі сөйлейміз, оларды «жахил» (надан) деп кемсітеміз, ата-ананың тілін алмаймыз (өйткені олар діндар емес), білетін имамның сөзіне құлақ аспаймыз (өйткені ол бізден емес), мешіт жамағатын бөліп, өз жамағатымызды құрамыз, ғаламтордан белгісіз псевдошейхтен дәріс аламыз. Сонда біздің өзімізді қоршап отырған ағайынға, өмір сүріп отырған қоғамға, Отанға пайдамыз бар ма?

Әрине, пайғамбардың (с.ғ.с.) сомдаған мұсылманның бейнесі мұндай емес. Өйткені ол басқаларға дөрекі сөйлемейді, өзге дін өкілдерімен тату, үлкенге құрмет қылады, кішіге ізетті. «Оған әділдіктің ала жібін аттамау, кісінің ақысын жемеу, бұзық амалдардан аулақ болу сияқты т.б. әдептілік ережелері міндеттеледі» (Мин әл-ахлақ әл-исләм).

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу