Әзіреті Омарды (р.а.) бір кісі: «Ол ешкімді алдамайтындай адал, ешкімге алданбайтындай ақылды еді» деп сипаттаған екен. Сондықтан нағыз кемелдік ешкімді алдамау және алданып шығынға ұшырамау арқылы болады.

Ардақты Пайғамбарымыздың жиендері Хасан мен Хусейн (р.а.) және басқа да сәләфус-салихин дәуірінің ұлықтары зат сатып алғанда әбден саудаласатын. Сөйте тұра жұртқа қайырымдылыққа көп ақша тарататын. Олардың біріне:

– Саудада болмашы нәрсеге саудаласып тұрып аласың. Сосын ақшаның бетіне қарамай садақа таратасың. Мұның мәнісі не? – деп сұрағанда:

– Қайыр таратқан кісі өзінен артығын таратады. Ал бағадан алданған, ақылына қиянат жасайды, – деген екен.

Басқа бірі бұл сұраққа:

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Раббыңа өте сыпайы бол!

– Бағадан алдану – ақыл, парасатыма-сын. Алдаушыға бұған мүмкіншілік бермеймін. Ал, қайырымдылық жасағанда Алла үшін беремін. Сондықтан қанша берсем де көпсінбеймін, – деп жауап береді.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу