Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының Халық ақыны Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов қайтыс болды.

Бұл туралы әдебиеттанушы Еркінбек Серікбай мәлімдеді.

«Рауан Шаханов ағамның да дәм-тұзы таусылыпты. Ұлт ақыны Мұхтар Шаханұлына және педагог-ғалым Розалинда Әшірбайқызына қайғырып көңіл айтамын. Перзенттеріңіздің Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыздар», – деп жазды Еркінбек Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова да қаралы хабарға көңіл айтты.

«Бұл заман не болып кетті?! Бүгін Мұхтар аға мен Розалинда жеңгеміздің ұлы, аузын ашса жүрегі көрінетін, асыл ініміз Рауан Шаханов Мұхтарұлынан айырылып қалдық», – деді ол.

Пікір жазу