Диррорн қаласының тұрғыны Шарар, өзінің жерлестерінің ішіндгі мұқтаж жандарды ауызашарға азық-түлікпен қамтамасыз етуді қолға алды. «Бұл жақсы іс айы. «Мен өзгелер аш болған кезде өз отбасымды ғана тамақтандырып, қарап отыра алмаймын» дейді бизнес-леди.

Жергілікті ислам орталығының имамы Мухаммад Илахидің айтуынша, қайырымдылық пен сыйластық – адамдармен қарым-қатынас орнатудың ең жақсы жолы. «Рамазанда адамдар жомарт болады» – деп түсіндірді ол.

Өткен жылы Мичиганда Ораза кезінде қайырымдылық акциясының ұйымдастырушылары мұқтаждарға 50 тоннадан астам азық-түлік берді. 2018 жылы қайырымдылық көмектің көлемі одан көбірек болады деп күтілуде, дейді белсенді волонтер Мұхаммил Ахмед. «Рамадан – біздің сенімімізді қалпына келтіру уақыты, сондықтан адамдар осы айда жақсы нәрселер жасауға тырысады», – деді ол.

Пікір жазу