Сұрақ: Мешітте дәріс өтуге бола ма, мешіт құлшылыққа арналған орын емес пе?

Жауап: Мешіт – құлшылық ұйі әрі халық оны «Құдайдың ұйі» деп те атайды. Мешіт арабтың «масджидун» сөзінен шыққан. Қазақша «сәжде қылатын орын, сәжде жасайтын мекен» деген мағыналарды білдіреді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) заманында арнайы барып, білім алатын оқу-орындары, діни медреселер болмады. Сондықтан, халық білім алу үшін мешітке келді. Мешіт шағын медресе һәм тәлім алатын орын болатын. Сол себепті, көптеген хадистерде білім алу туралы айтылса, мешіт деп айтылады:

«Кімде-кім мешітке жақсылық (білім)  үйренуге немесе жақсылықты үйретуге келген болса, оған толық қажылық жасаған адамның сауабы жазылады» (Табарани).

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Алматы: «Мырзахмет» мешітінің алдына аялдама орнатылды

Адамдар мешітте діни сауат алады, жақсы уағыздер естиді. Ескіде дін ғалымдары оқу және сызу дәрістерін де мешітте берді. Ислам ғылым мен білімді дәріптейтін дін болғандықтан мешітте дәріс өткізу дәстүрі сақталып қалды. Сол үшін де күні бүгінге дейін имамдар тарапынан қажет болған жағдайда мешіттерде сабақ өтіле береді. Мектеп оқушылары жазғы демалысқа шыққан уақытта мешіттерде «Арабша сауат ашу» немесе «Құран оқып ұйрену» курстары ұйымдастырылуда.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу