Равана Даун синдромымен дүниеге келген. Оның әкесі кішкентай кезінде қайтыс болғандықтан, анасы Аватеф Джабер балаларын жалғыз өсірген.

Әлемде 26 жастағы мұсылман әйел осындай диагнозбен бірінші рет Құдай жазбаларын меңгеруде жетістікке жеткен.

Анасының айтуы бойынша, оның төрт қызы және бір ұлы бар. Ұлы әрдайым анасынан кішкентай іні сұрап жүргенде, өмірге Равана келген.

– Аллаға шүкір, ол Құдайдың маған берген сыйы. Равана дүниеге келген кезде Даун синдромымен ауыратынын білдім. Әрине, ана ретінде маған оңай болған жоқ. Қатты күйзеліске түстім, оның болашағы үшін алаңдадым. Ештеңеге қарамастан мен оны қатты жақсы көрдім!

 

Менің дәрежемді көтермелеу үшін Алла маған Равананы сыйлағанын іштей түсіндім. Ал мен Жаратушыға Құран оқуды үйретемін деп ант бердім, – дейді Аватеф Джабер.

Равана Двейк туылысымен зерек болған, анасы қысқа сүрелерді жаттатқыза бастаған. Сондай-ақ есте сақтау қабілеті жақсы болғандықтан, анасы 6 жасында мектепке берген. «Бақара» сүресін Равана бір жарым жыл жаттаған.

– Менің анам күнде Құраннан бір аятты оқиды, мен оны ішімнен қайталап жүрдім. Әр сүрені кем дегенде 10 рет қайталаймын, содан кейін жатқа айтамын. Маған жаттауға жеңілдік берген Алла болды, – дейді мұсылман Хафиз.

Сынақ емтиханын тапсырып кабинеттен шыққанда анасы қатты қуанғаннан жылап жіберген. Анасы былай дейді: «…Равананың Құранды жаттауы – Алланы мадақтауы».

Даун синдромы – генетикалық ауытқу. Ағза жасушаларында 46 хромосома болса,  Даун синдромы бар балаларда 47 болады екен. Осыған байланысты бала психикалық, физикалық тұрғыдан кеш дамиды.

Равананың ұстазының айтуынша, көп жағдайда ол өзінің мінезінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізген. Зеректігімен көзге түскен кішкентай қыз әрқашан өз ортасында қайсарлығымен және еңбексүйгіштігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, хафиз қызды тәрбиелеудегі үлкен еңбек анасының арқасында екені белгілі.

Бала белгілі бір жасқа толып, сөйлей бастағанда және үйрену қабілетін көрсете бастағанда, көп ата-аналар оған Құран мен діни білімді қалай оқыту керектігі туралы ойланады. Бірақ бұған көбінің шыдамы жете бермейді. Сухайл Ханиф Құран оқуды жеңілдетуге арналған бірнеше кеңестер береді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Отқа май тамызу – шаманизмнен қалған әдет пе?

Бірге оқу

Кішкентай балалар өздігінен оқи алмайды, сондықтан оларға ата-аналарының көмегі қажет. Оқу мен жаза алмайтын балалар ересектермен бірлесіп қайталау арқылы ақпаратты тез жаттай алады.

Бірге қайталау кезінде ата-аналар баланың дұрыс айтылуына назар аударуы керек, өйткені егер бала кез келген сүрені немесе аятты қате жаттап алса, қатені түзету әлдеқайда қиын болады.

Тыңдау

Тыңдаңыз, тыңдаңыз және тағы да тыңдаңыз! Ақпаратты есте сақтау кезінде мүмкіндігінше көп сезім мүшелерін қолдану өте маңызды. Егер бала мазасыз болып, ата-анасымен бірлесіп қайталауға қарсы болса, сіз оған белгілі сүрелер мен дұғалардың әдемі оқылуын тыңдауға мүмкіндік бере аласыз. Интернетте бұл үшін көптеген аудио және бейне материалдар бар. Бала ойнап жатқан кезде сіз телефоныңызға немесе планшетіңізге бір сүре қойып қойыңыз. Көптеген мысалдар балалардың бірнеше рет есту арқылы есте сақтайтындығын дәлелдейді!

Атаанадан үлгі алу

Баланы оқытуда оның ата-анасының өнегесі өте маңызды. Егер сіз баладан Құранды оқуды талап етсеңіз, бірақ оны өзіңіз оқымасаңыз, онда ол кітапты оңай қабылдамайды. Қинап жаттаудың пайдасы аз, бірақ оның зияны көп болуы мүмкін, өйткені балалар діни білім мен жалпы оқуды ұнатпайтын кездері болады.

Балаңыздың өзіңдік ерекшелігіне мән беру

Кейбір балалар тыңдау арқылы жақсы үйренеді, ал басқалары мәтінді бірнеше рет оқу арқылы есінде сақтайды. Әр баланың ерекшелігі бар. Оқытудың әртүрлі әдістерімен тәжірибе жасап, балаңызға тиімді әдісті табыңыз.

Сурет салу

Оқыту кезінде мүмкіндігінше көп сезім мүшелерін қолдану маңызды. Материалды оқу және тыңдау кезінде балаңыздың жаттап алған суретін салып көріңіз. Егер бұл Құраннан келген сүре болса, кішкентай инфографика салыңыз – осылайша бала бәрін тезірек есте сақтайды.

Әр мұсылман артынан білімді және қоғамға пайдалы ұрпақ қалдырғысы келеді. Бірақ бала ата-анасының айнасы екендігін түсіне бермейді. Сол үшін уақтылы дұрыс әрекет ете білу керек.

Балжан ӘБДІРАШ

 

Пікір жазу