ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ЗУБР» Консалтинг-орталығымен және «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ бірлесіп, Қазақстан өңірлері бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру мәселелері туралы түсіндіру семинарларын өткізуге бастамашылық етті.

Жалпы, семинарлар облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда ІХ Азаматтық форум мен стратегиялық сессиялардың («министрлік күндері») ұсынымдарын орындау шеңберінде өтеді.

Еліміздің барлық өңірлерінде оқыту 1 маусымнан бастап 2021 жылдың 24 маусымына дейін жалғасады.

Атап айтсақ, ҚР АҚДМ АҚІК төрағасының орынбасары Гүлбар Сұлтанованың төрағалығымен Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының мемлекеттік органдарының өкілдері үшін семинарлар өтті. Мемлекеттік органдардың 40-тан астам қызметкеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын сақтау және тақырыптарды қалыптастыру бойынша түсініктемелер берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі болып табылады. ҚР АҚДМ нормативтік базаны жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Мәселен, бұл саладағы жұмыс 16 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді және жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа түрлі деңгейдегі 300-ден астам мемлекеттік орган мен 1000-нан астам ҮЕҰ қатысады.

Алайда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мәселелер өзекті болып қалуда.

Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырудың проблемалық мәселелерін түсіндіре отырып, олардың құзыретін арттыру маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

Пікір жазу