Жаңалықтар

Мекке қаласын жаңғырту дұрыс па?

«Болашақ инвестициялық бастама» халықаралық форумында таяу болашақтағы Мекке қаласының көрінісі бейнеленген ролик таныстырылды. Саудиялық сарапшылар Қағбаның төбесіне жылжымалы шатыр орнатуды жоспарлайды. Дегенмен, бұл бастамаға әртүрлі пікір білдіргендер болды.

Бірқатар дін өкілдері «бұл исламдағы қасиетті мекеннің тарихи сипаттамасын бұзатынын» мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұсылмандар ашық аспан астында құлшылық етіп, Құдайдың жерге мейірім төгуіне еш кедергі болмауы тиіс екен.

Айта кету керек, Мекке мен Мәдина қаласы ЮНЕСКО Әлемдік мұралары нысанына кірмейді. Сол себепті, Сауд корольдігі бұл екі нысанда барлық тиісті жұмыстарды жүргізу құқығына ие. Әл-Харам мешітіне шатыр орнатудан бөлек, өзге де өзгерістер енуі мүмкін. Мәселен, Үлкен мешіт кешенін 6 қабатты жаңа құлшылық кешенін ашу арқылы кеңейту де қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда 21 мың дәретхана, 860 эскалатор және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 24 лифт орнатылады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close