KAZISLAM – Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде  Нұр-Сұлтан қаласының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бастамасымен ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңына Эссе конкурс ұйымдастырылған. «Мейірімді қала тұрғындары» атты конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Әлмуханов, Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.Қарашолақов, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Д.Қамзабекұлы, филология ғылдымдарының кандидаты З.Малгараева және Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары С.Даушова қатысты.

Қазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Д.Қамзабекұлы өз сөзінде қатысушылар мен іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтып, конкурсқа келіп түскен кей жұмыстардың мазмұны мен ерекшеліктеріне тоқталды.

Сондай-ақ қазылар алқасының шешімімен 2 номинация бойынша мектеп оқушылары және ЖОО мен колледж студенттеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Мектеп оқушылары арасында өткізілген конкурс бойынша:

1-орын – Батталова Мақпал, И.Құтпанұлы атындағы орта мектеп («Ноутбук», ақшалай мөлшерде 190 000 тг.);

2-орын – Жунусова Сания, №28 мектеп-лицейі («Планшет», ақшалай мөлшерде 100 000 тг.);

3-орын – Қайратова Айлин, №72 мектеп-лицейі («Смартфон», ақшалай мөлшерде 70 000 тг.).

Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасынан 10 қатысушыға 10 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары табыс етілді:

  1. Кузнецова Дарья, №28 мектеп-лицейі;
  2. Марат Анель, Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
  3. Соланова Нигяр, №5 мектеп-гимназиясы;
  4. Амзабек Дінасыл, №59 мектеп-лицейі;
  5. Сағынбаева Нұрсұлу, №68 мектеп-гимназиясы;
  6. Какимова Диана, №28 мектеп-лицейі;
  7. Үсен Айжан, №82 мамандандырылған лицей;
  8. Искакова Айдана, №54 мектеп-лицей;
  9. Тұрлыбекова Малика, №28 мектеп-лицей;
  10. Байғана Ясмина, №68 мектеп-лицей.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заңды әзірлеуге кірісті

ЖОО мен колледж студенттері арасында өткізілген конкурс бойынша:

1-орын – Терликбаева Гүлназ, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті («Ноутбук», ақшалай мөлшерде 190 000 тг.);

2-орын – Сұлтангалиева Индира, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті («Планшет», ақшалай мөлшерде 100 000 тг.);

3-орын – Каиржанова Айдана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті («Смартфон», ақшалай мөлшерде 70 000 тг.).

Сонымен қатар, ЖОО мен колледж студенттері арасынан 10 қатысушыға 10 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары табыс етілді:

  1. Батыргали Парасат, Астана гуманитарлық колледжі;
  2. Кенжебек Елжан, Астана гуманитарлық колледжі;
  3. Маманова Аяулым, Еуразия гуманитарлық институтының колледжі;
  4. Парахатова Құлпынай, Астана гуманитарлық колледжі;
  5. Жанатлек Жания, Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі;
  6. Амангелді Арнагүл, Астана гуманитарлық колледжі;
  7. Полат Айжан, Астана гуманитарлық колледжі;
  8. Нұртай Гүлзат, Астана гуманитарлық колледжі;
  9. Амангалиев Нұржан, Көлік және коммуникация колледжі;
  10. Көшербай Жанкүміс, Қазақстан Халықаралық лингвистикалық колледжі.

Пікір жазу