Жаңалықтар

Медресе түлектеріне диплом табысталды

Медресе түлектерінің бітіру кешіне  ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші Қыдырәлі Болман, қоғам қайраткері, жырау Бекболат Тілеухан мен ақын Серікзат Дүйсенғазин сынды құрметті қонақтар арнайы келіп, ізгі тілектерін білдірді.

Айта кетейік, биыл «Астана» медресесін 34 студент тәмамдап отыр. Оның 9-ы оқу орнын үздік дипломмен аяқтады. Таяу уақытта 27 түлек еліміздің әр аймағында дін жолындағы қызметтеріне кіріседі. Бұдан бөлек дін ілімін онан әрі жетілдіргісі келген шәкірттер Алматы қаласындағы іргелі оқу орны «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті мен шетел жоғары оқу орындарында білімін шыңдамақ ниетте.

 
Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close