KAZISLAM – ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Қайырымдылық керуені Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Машат елді мекенінде орналасқан «Машат» жазғы лагерінде демалыста жүрген 4 бірдей Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жеткізілді, деп хабарлайды iman.kz.

Игі шараға ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры ұйытқы болса, айрықша қаржылай көмек берген жеке кәсіпкер – Меймангүл Құдысқызы. Қайырымдылық шараға жалпы көлемі 700 мың теңге қаражат жұмсалды.

Айтулы шараға қалалық «Халал Даму» бөлімінің жетекшісі Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, қала имам кеңесшісі Азамат Әбдікерімұлы және мешіт жанындағы еріктілер тобының мүшелері қатысты.

Айтулы шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолға алып отырған игі шараның маңызлығына тоқталып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  "Уақып" қорының президенті тағайындалды

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын таппақ.

Пікір жазу