Дүйсенбі, 16 Мамыр, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Маржан ОРЫНБАЕВА: Аллергиясы бар адамға барлық вакцинаны ала беруге болады

09.08.2021
- Сұхбат
0
157
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дерттің асқынуына байланысты және екпе туралы халықтың көкейінде жүрген сауалдарға елордалық дәрігер терапевт Маржан Орынбаева жауап берді.

– Егер жүрек ауруына қатыс­ты күмән болса, екпе салдыруға бола ма және қай екпені алған жөн?

– Мұндай жағдайда қай екпені алса да өзі біледі. Мәселен, Спутник V – тірі вакцина, ал QazVac, Sinovac дегендер – бұл инактивті вакциналар, екеуінің де әсері бірдей, бірақ біз көбіне инактивті түрін салдыруға кеңес етеміз. Себебі қосалқы аурулары бар адамдарға сол түрі жеңіл өтеді.

– Аллергиясы бар адамдардың қай екпені салдырғаны дұрыс?

– Аллергиясы бар адамдардың барлық вакцинаны салдыра беруіне болады. Бірақ әуелі қандай затқа аллергиясы бар екенін білу керек. Вакцинаның ішінде ақуыз болады, аллергиялық сынамада сол ақуызға оң әсер беріп жатқандар бар, соның өзінде олар екпені алады, себебі вакцинаның құрамында жануарлардан алынған материалдар жоқ, сондықтан ол аллергиялық әсер бермейді.

– Бастапқыда коронавируспен ауырған адамдар 6 айдан кейін ғана екпе алады делінді, ал қазір 3 айдан соң салдыра беретін болыпты. Соның қайсысы дұрыс?

– Қазір жаңа қаулы бойынша ауырғаннан кейін 45 күннен кейін ала береді. Бұл – cоңғы зерттеулерге сәйкес қабылданған шешім. Яғни ауырған кезде адамның өзінде антидене пайда болады, соның үстіне қоса тағы екпе арқылы антидене салынса, иммундық жүйе нығая түседі. Сондықтан ауырып қалғаннан кейін ертерек алғандары дұрыс.

Самал БОТАХАНҚЫЗЫ: Бала дамуына бір жыл ғана емес,  әрдайым көңіл бөлінуі керек

Самал БОТАХАНҚЫЗЫ: Бала дамуына бір жыл ғана емес, әрдайым көңіл бөлінуі керек

06.05.2022
Уақып – сарқылмас сауап

Уақып – сарқылмас сауап

30.04.2022

– Бала көтеруді жоспарлап жүрген адамдардың екпе салдыруына бола ма? Оның болашақта бала денсаулығына қаупі жоқ па?

– Болады. Тек ол әйелге екпе алғаннан кейін 3-6 айға дейін бала көтермеуі керек. Сол аралықта сақтанып, сосын барып көтергені жөн. Екпе болашақ сәбидің денсаулығына қауіп төндірмейді.

– Медициналық қарсы көрсетілімі бар екенін дәлелдейтін анықтама қандай жағдайда беріледі?

– Ол кез келген адамға берілмейді. Мәселен аллергиясы, басқа да қауіпті аурулары болатын болса ғана беріледі. Оны беру үшін ең алдымен салалық медицина маманы тексереді, соның шығарған қорытындысы бойынша өзінің терапевт дәрігеріне барады, арнайы комиссия құрылып, оның құрамында директордың орынбасары, бөлімше меңгерушісі, салалық маман болады, терапевт солардың қасында отырып, пациентке сұрақ қойып, жағдайын анықтайды. Содан кейін ғана анықтама қағаз беріледі.

– Екі түрлі вакцина салдыруға бола ма?

– Екпенің бір түрін салдырғаннан кейін арада 1 жыл уақыт өтпей басқа түрін салдыруға болмайды.

– Вакцина салдырғаннан соң кей адамдар неге қайтадан ауырып жатыр?

– Бұған дейін айтқанымыздай, екпе салдырғаннан кейін кей адамдар ауырмайды емес ауырады, бірақ дертті жеңіл түрде өткереді.

– Екпе салар алдында антидене мөлшерін анықтаудың қажеттілігі бар ма?

– Жоқ, оның қажеті жоқ. Себебі адам өзі қашан ауырғанын біледі. Жоғарыда айтқанымыздай, сол уақыттан 45 күн өткенде салдыра берсе болады. Сондықтан алдын-­ала антиденеге сынама тапсырып, шығындалудың керегі жоқ.

– Екпе салдырғаннан кейін адамның жағдайы нашарласа не істеуі керек?

– Біз екпе салған кезде пациенттерге арнайы кеңес береміз. Сол кезде екпеден кейін үш күнге дейін қызуы көтеріліп немесе аяқ қолы сырқырауы мүмкін екенін айтамыз. Сондай кезде парацетамол немесе немисил дәрілерін ішуі керек. Үш күнде жағдайы жақсармаса, тіркелген емханасына барып, дәрігеріне қаралады.

– Екпе салдыратындар қазір көбейді ме?

– Мен қазір «Мечта» сауда дүкеніндегі екпе пунктінде отырамын. Осыдан бір ай бұрын күніне 10 адам ғана келетін болса, 15 тамызға дейін екпенің бірінші компонентімен салдырып болуы тиіс деген қаулы шыққаннан кейін күніне 180 адамға дейін келді. Қазір орташа есеппен күніне 100 адамнан келіп вакцина салдыруда.

Райхан РАХМЕТОВА

Қайнар көзі: https://www.astana-akshamy.kz/
Тегтер: вакцинаекпе алукоронавирус
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Қайтадан маска тағамыз ба?

06.04.2022
Түрікменстанда 2 жыл үзілістен кейін мешітке баруға рұқсат етілді
Жаңалықтар

Түрікменстанда 2 жыл үзілістен кейін мешітке баруға рұқсат етілді

30.03.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шерзод ПУЛАТОВ: «Қазақстан – дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың қасиетті ордасы»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    63 рет бөліскен
    Бөлісу 25 Твитерге 16
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2047 рет бөліскен
    Бөлісу 819 Твитерге 512

Соңғы жарияланымдар

Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

16.05.2022
0
Дін атынан білімсіз сөйлеу қауіпті

Толығырақ оқу

Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

16.05.2022
0
Қажылық электронды жүйесінің басшысы болатын өзгерістермен бөлісті

Толығырақ оқу

Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

16.05.2022
0
Мемлекеттің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға бола ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00