Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 27-ші мамыр күні облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелеріне семинар өтті.
«Зайырлылық және зайырлы мемлекет» тақырыбын қамтыған семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы ғалым Нұрлан Абызұлы шақыртылды.
Шараға Маңғыстау облысы бойынша қала аудандағы АТТ мүшелері қатысып, дін саласындағы жаңа бағыттар жөнінде ақпарат алып, кәсіби құзіреттіліктерін арттырды.
Семинар аясында мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары, адамдар арасындағы қақтығыстарды шешу жолдары, Маңғыстау аймағының тарихы туралы тың мағлұматтар берілді.