Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау –борышың» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Алқалы жиынға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Есенәлі Жарылқасынұлы, Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы, Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, облыстық маслихат депутаты Аят Исатайұлы, өңірге танымал асабалар Өсер Өтелгенұлы, Рүстем Таңатарұлы, Бердіхан Әлмен, Жомарт Бекбергенұлы және қажы апалар қатысып, ой-пікірін бөлісті.
Аға буын өкілдері қазіргі той-томалақ барысында орын алып жүрген олқылықтарды ортаға салып, сын-пікірлерін айтып, игі шараларды әдет-ғұрып, салт-дәстүрден аттамай өткізуге байланысты ұсыныс айтты.
Өз кезегінде асабалық қызметпен несібесін тауып жүрген азаматтар да қазақтың тойына жауапкершілікпен қарап, тәрбиелік мазмұнына барынша үн қосуға уәде берді.