Талибан содырлары Ауғанстанның батысындағы Бадғис провинциясының Джаванд аймағын бақылауға алды, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап ТҚК РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Бадғис провинциясының губернаторы Хусаметтин Шемс журналистерге Джаванд аймағына содырлардың шабуыл жасағанын айтты.

Оның айтуынша, Ауғанстан қауіпсіздік күштері бұл ауданды тастап кетуге мәжбүр болды, ал Джаванд Талибанның бақылауына өтті.

«Ауғанстан қауіпсіздік күштері бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандардың алдын алу үшін осы тактиканы қолданды. Жақын арада аймақты қайтару операциясы басталады », — деді Шемс.

«Талибан» қозғалысы бүкіл Джаванд аймағын өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

Бұған дейін, 7-маусымда тәлібтер Ауғанстанның Гор және Урузган провинцияларындағы екі ауданды басып алған болатын.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Дінтанушылар: Ауғанстандағы соғысты тез арада тоқтату керек

Талибан шетелдік контингентті елден шығару аясында шабуылдарын күшейтті.

Мамыр айының басынан бері елдің 10 облысы содырлардың бақылауына өтті.

Пікір жазу