KAZISLAM – Жақында Қостанай облысындағы Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторының ұстазы Аяулым Ермекқызының ұйымдастыруымен мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру-үйрету дәрісі өтті.

Ол «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталды.

Сондай-ақ, қуыршақ манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіт әуретіне қарамау, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Еуразияда бейбіт және тұрақты болашақ қалыптастыруда зор серпіліс керек – Тоқаев

Дәріс соңында ұстаз Аяулым Смағұлова халыққа қызмет көрсету мақсатында кебіншілер тобын құрды.

Тағылымы мол басқосудан кейін Дария қажы мен Зәуре апалар жастарға ақыл-кеңестерін беріп, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы мазмұнды әңгіме қозғады.

Пікір жазу