Мабрур қажылық – барлық жақсылық атауын бойына жинаған, ешбір күнә іс араласпаған, қабыл болған деген мағынаны білдіреді. Оның белгілері қажылық етуші әуелгіден жақсы болып, күнә істерге бармайтын болып қайтады. Тәпсірде: «Ол – қажылық үкімдері толығымен орындалған және қажыдан талап етілген амалдар ең кемел түрде жасалған қажылық[2]»,-деп түсіндірілген.
Мүмкіндігі бар мұсылман өмірінде бір рет ұмра қажылығын жасауы сүннет. Ал, осы хадисті негізге ала отырып ғалымдар ұмра қажылығын қайта-қайта жасауды мұстахап деген. Жыл он екі ай ұмра жасау уақыты болып табылады. «Ұмрадан ұмраға дейін екеуінің арасындағы (күнәні) кетіреді…» дегені үлкен күнәдан басқа күнәларды жуып-шаяды дегенді білдіреді.
Үлкен және кіші қажылықты қатар жасау мұқтаждықтан құтқарып, молшылыққа себеп болатындығын пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткен. Бұл хадисті Құран Кәрімде: «…Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның (жұмсағандарыңның) орнын қайта толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы[3]»,-аяты қуаттай түседі. Пенде Жаратушының әмір шын ықыласпен орындау мақсатында жұмсалған қаражатын Алла Тағала еселеп қайтарады.
Алайда, қажылықтан қайтып келе жатқанда мен өз міндетімді толық атқардым енді тек оның жемісін көруім керек деп арқаны кеңге салу жөн емес. Керісінше бұрынғысынан да көбірек құлшылық етуге деген құлшынысы арта түсуі керек. Ғибадатын Құран Кәрімдегі: «Өзіңе айқын нәрсе «(өлім) келгенге дейін Раббыңа құлшылық ет![4]»,-әмірі орындалғанша жалғастыра беруі парыз.
KazIslam.kz