Ақтау қаласында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өткен игі басқосуда аудан имамдары өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндап, жаңа жұмыс жоспары жасалды.

Есеп беру шарасында уағыз-насихат, пәтуа беру, оқу-ағарту, халал стандарттау, ақпараттық насихат, қайырымдылық, деструктивті ағымның арбауында жүрген азаматтарға жеке түсіндіру жұмыстары, т.б бағыттар бойынша жүргізілген жұмыс барысы талқыланды. Сонымен қатар, 2020 жылы жүзеге асатын ізгі іс-шаралардың жоспары бекітілді.

«Өздеріңіз білесіздер, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Осы айтулы мерейтой аясында қайырымдылық, тарихи-мәдени, діни, рухани бағытта облыстық деңгейде сауапты һәм салауатты шаралар өткіземіз. Баршаңызды осынау іс-шараға белсенді түрде атсалысуға шақырамын» деп атап өтті Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық шарасы өтті

Кездесу соңында жұмыс жоспары бекітіліп, аудан, ауыл имамдарына нақты тапсырмалар берілді.

Пікір жазу