Маңғыстау: «Бекет ата» мешітіндегі қайырымдылық

    305

    Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус дертінің алдын алу және тұрғындарды сақтандыру шаралары Ақтау қаласында да жоспарлы түрде іске асырылуда.

    Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көптеген мекемелер мен еріктілер бетперделер тігіп, тегін таратып жатыр. Осындай ізгі іс – Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде облыстық «Әйел-қыздар» секторы өкілдігінің ұйымдастыруымен қолға алынуда. Сапалы матадан кәсіби түрде тігілген бетперделер Ақтау мешітінің қызметкерлерін толық қамтып отыр.

    Қайырымдылық – асыл дініміздің ең басты бағыттарының бірі. Сауапты іс жасап, қиындықта адам баласына қол ұшын созу – исламнан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеттеріне «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деп өткен. Ел басына түскен сынаққа сабырлықпен қарсы тұрып, жамағат арасында ауызбіршілік пен еңбектің маңыздылығын барынша түсіндіріп жатырмыз, – дейді Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Бас мүфти медицина қызметкерлерімен кездесті

    Ақтау мешітінің қызметкерлері бетперде тігу үшін сапалы мақта мата мен медициналық зарарсыздандырылған дәкені қолданып отыр. Әлемді шарлаған вирустан сақтанудың бір құралы – бетперделердің дәріханалардан ізім-қайым жоғалып, қат дүниелердің қатарына қосылғанына да біраз болды.

    Сондай-ақ, «Әйел-қыздар» секторы тігілген бетперделерді облыстың басқа мешіттеріне таратуды жоспарлап отыр.

    Пікір жазу