KAZISLAM – Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков Матуриди ақидасына келді. Бұл туралы ол ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің XXVII кезектен тыс отырысында мәлім етті.

Мүфтият сайты таратқан бейнежазбада ол «Құдайдың алдында ары таза болу және мүфтият ғалымдары алдында керек болып жатса құжат болу үшін» өзінің ақидасына қатысты бар шындығын ақтарды.

«Бұған дейін сәләфи жолындағы жігіттермен аралас-құралас болғаным рас. Матуриди ақидасына қатысты кейбір күмәнім болатын. Алайда, соңғы жылдары оның ең дұрыс сенім екеніне, ата-бабамыз ұстанған жол екеніне көзім жете бастады. Жүрегімдегі ең соңғы күмәндарымның сейіліп, Матуриди ақидасына толық бет бұруыма Наурызбай хазрет себепші болды. Ал таухидті ұстанамыз дейтін сәләфи жолындағы жігіттердің айтып жүргені таза секта екеніне көзім жетті», – деді өз сөзінде М. Тазабеков.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Діни материалдар сатқан азаматтар ұсталды

Одан бөлек, «Асыл арна» телеарнасының директоры үш мәселе төңірегінде жаңалығын жеткізді.

Ең бірінші «Асыл арна» телеарнасының жабылатынын, арна алдағы уақытта діни бағытта хабар таратпайтынын баса айтты. Екінші айтқаны Діни басқарманың төл телеарнасы «Халық арнаға» қолдау білдіруі. Қоғамның сұранысына сай көрерменге діни-рухани мазмұнда ақпар беретін арнаның ашылуына Бас мүфтидің еңбегі орасан екеніне тоқталды.

Пікір жазу