Сұрақ: Мұсылмандар Иса пайғамбарды мойындауға міндетті ме?
Жауап: Ислам дінін ұстанатын мұсылмандар өзіне дейінгі көктен түсірілген діндер мен барша пайғамбарлардың бәрін мойындауы міндетті. Осыған байланысты, мұсылмандарға Мұса, Иса, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарларды бір-бірінен алалап қарауға болмайды. Бұл жайлы Құран Кәрімдгі:
«Пайғамбар (Мұхаммед ғ.с.) өзіне Раббы тарапынан түсірілген кітапқа иман келтірді, мүминдер де иман келтірді. Олардың барлығы Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына сенді. Олар: «Алла жіберген пайғамбарларын алаламаймыз (яғни біріне сеніп, біріне сенбей қоймаймыз). Біз әміріңді естідік және бойсұндық. О, Раббымыз,сенен кешірім тілейміз, түбі баратын таянағымыз да өз дәргәһің» – деп, бұйырылған. («Бақара» сүресі, 285-аят)