Астана. 30 шілде. KAZISLAM – Каир соты 2013 жылы Рабиа аль-Адавия ауданында демонстарцияны тарату ісі бойынша 75 сотталушыны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Соңғы кесім 8 қыркүйек күні жарияланады. Оны жоғары муфти қарауы керек.

Аталған іс бойынша сотталушылардың қатарында «Мұсылман бауырлар» қозғалысының бірнеше басшысы бар. Оларды 2013 жылғы наразылық кезіндегі бассыздық пен арандатушылыққа кінәлі деп санауда. Сол кездегі наразылық шеруін тарқату барысында ондаған адам қаза тапқан еді.