Жаңалықтар

М. Әзілханов: «Діни сауатсыздық кей азаматтарымызға ақиқатты шетелдерден іздетуде»

«Елімізде шешімін таппаған проблемалар жоқ деп айта алмаймыз. Әлі де болса елімізде кейбір азаматтар, болмаса, кейбір мүдделі топтар дін атын жамылып, адамның денсаулығына, отбасына не мүлкіне зиян келтіретін әрекеттерге барып жатыр. Сондай топтар еліміздің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қарсы шығып, жиһадты басқаша түсінуде. Тіпті, басқа елдерге аттанып, «ақиқатты» сол жақтан іздеуде. Бұның ішкі себебі – діни сауаттылықтың аздығынан» деді ол. Ал журналистер тарапынан түскен Сирияға кеткен азаматтар, олардың балаларына қатысты видеолардың шынайылығына байланысты: «Арандатушылық екені көрініп тұр. Бұл ислам дінін емес, исламофобияны дамытатын көріністер. Бұл істің артында дін жанашыры тұрған жоқ. Баланы осындай саясатқа тартуы — бұл енді жаға ұстатарлық жайт» деп түйді. 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close