Махмұд Қашқаридің ( 1029—1101) пайымдауы бойынша, мейрам сөзі парсы тіліндегі (بذرام/بذرم) сөзінің түп нұсқасынан шығып, «Қуаныш пен көңілді күн» дегенді білдіреді.
Мейрам сөзі ескі оғыздарға тиесілі.[1] Түркі тілдес халықтардың барлығында дерлік мейрам сөзі ортақ қолданыста. Стингасстың сөздігінде «мейрам» сөзінің анықтамасын «өте көңілді жер» деп түсіндірді.[2]
Екінші жағынан, Дерфер, парсы тілінде және көне түрікшеден мейрам сөзінің этимологиясын жасау мүмкін емес. Қай тілде және нақты мағынасы табылмаған. Алайда әрдайым парсы тілінде кездесетін ẕ/z (ز/ذ) өзгерісін ескеріп сөз парсы тілінен шыққанын пайымдаған болып, бес (м) ром түрінде талданатын шығар.[3] Бұл жағдайда, ( базим بذم) сөзінің мағынасы «Ішіп жеу, әңгімелесу және көңіл көтеру» деген мағына беріп, «м» әріпі түсіп (بز) деген сөз.
Ал (را م)[4] сөзі «Қуанышты және көңіл көтеру» деген сөздің бірігуімен «Көңіл көтеріп сөйлесу және тамақтану мақсатында жиналған адамдар» деген мағынада қолданылғанын байқаймыз.
Мейрам сөзінің арапшасы, сөздіктерде «Әдетке айналған қуаныш пен қайғыда жиналу күні» мағынасына келетін (Әл-иид/العيد) сөзі қолданылады.[5] Бұл сөздің түпнұсқасы (Иуд / عود), «қайтып оралу» деген мағынаны білдіреді. Бұл жағдайды Ибну л-Араби және Зәһабии сияқты тіл ғұламалары «әр жыл сайын жаңа қуанышпен оралады» және жыл мезгілдерінің оралуымен байланыстырады.[6]
Мұсылмандардың ең үлкен мерекесі – қажылық. Қажылық сөзі араб тілінде «الحجّ» «қайту, оралу, зиярат ету» деген мағына береді. Ескі Ибрит тілінде «Мейрам»-ды (hag) (hvg) сөзін қолданылған. Бұл сөздің терминдік мағынасы, бір нәрсені айналдыру, айналасында болу деген түсінік береді.[7]
Екінші жағынан, қажылық мейрамының ең маңызды парыз болған рәсімдерінің бірі – «Қағбаны айналып өту». Бұл парызды Арап тілінде (Дар/дурدار/دور ) «Қайта оралу/кері қайту» түбірінен шыққан (Әл-Дауар / لدوار) сөзінің де мағынасы «Бір нәрсенің айналасында айналу» деген мағына береді.
Мұсылмандардың ең маңызды мейрамдары қажылық. Қажылықтың да орындалу шарттары қағбаны айналып жүгіру және қуанышты әрі көңілді болып жүруді шарт қосқан. Үлкен ата-апаларымыз «Айналайын балам барып келші, Айналайын қарағым келіп кетші» деген сөздерінің түп мағынасы, Арап тіліндегі «қуанышым», «мейрамым» деген сөздердің мағынасында айтылғанын байқаймыз.
Қортындылай келе, Ислам дінінде де мейрамдар бар және оны мұсылмандар атап өтеді. Ал діни мейрам болып табылмайтын айтулы күндерді тойлау барысында, мұсылман болғанымызды ескере отырып, мұсылмандық ұстанымның шеңберінен шықпай және ысырапқа жол бермейтіндей етіп тойлауға рұқсат. Сонымен қатар исламның сенімі мен мәдениетіне қайшы болатын әрекеттерге баруға тиым салған.
Әр ұлт жергілікті халықтың әдет ғұрпына сай дәстүрлі мерекелерін тойлайды. Ал бұл мерекелер, басқа мұсылман елдерінде болмауы әбден мүмкін. Сол себептен де, ол елде тұратын мұсылмандар тарапынан бұл мереке тойланбайды деп елді шулату қате пікір. Өйткені бұл мерекенің тарихы мен мақсатын, салты мен дәстүрін білмейді. Араптар «Наурызды» немесе «Туылған күнді» тойламайды екен деп бас тартуға еш негіз жоқ.
Исатай Бердалиев
[1] Махмұд Қашқари, Диуани лұғат ат-түрк, I, 263, 484.
[2] Стингасс, Диктионари, бет 556.
[3] Клаусен, Диктионари, бет 166),
[4] Шукун, Паырс тілі сөздігі, I, 323; II, 987.
[5] Ибн Манзур (1232/1311), Лисану Әл-араб, «айн» бабы.
[6] Лане Лехикон, V, 2190).
[7] M. M.Жошн, Ноувеау Диктионнаире Хабреу Парсжи, Тел Авив 1983, бет 209 – 213.