KAZISLAM – Үндістанның қауіпсіздік күштері бейсенбі күні таңертең Джамму мен Кашмирдің одақтық аумағында атыс кезінде пропәкістандық топтарының төрт содырын жойды. Бұл туралы ТАСС Hindustan Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың айтуынша, қақтығыс Джамму-Сринагар ұлттық тас жолындағы бақылау — өткізу пункттерінің бірінде болған, содырлар Үнді қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырған. Лаңкестер қарсы  оқ ату кезінде жойылды. Қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің шығыны туралы ақпарат түскен жоқ.

2020 жылы Джамму мен Кашмирдегі 35 терроризмге қарсы операциялар барысында 100-ден астам қарулы экстремистер жойылды, олардың ішінде Үндістанға қарсы түрлі топтардың 10-нан астам далалық командирлер, сондай-ақ шетелдік жалдамалылар.

Пікір жазу