Жаңалықтар

Ғұламалар Кеңесінің кезекті VIII басқосуы өтуде (ФОТО)

Кезекті жиынға ҚМДБ наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, ҚМДБ қызметкерлері, Имамдардың білімін жетілдіру институтының директоры Кенжеәлі Мырзабаев, теолог-ғалымдар, ғылым докторлары – Шәмшидин Керім, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбай, Мұқан Исахан, белгілі дінтанушылар – Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, Маңғыстау облысының бас имамы Смайыл Сейітбеков қатысып отыр.

Алқалы отырыста «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысын жетілдіру, медреселерде оқылатын діни әдебиеттерді сараптап, бір ізге түсіру, Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының жұмысын жандандыру, діни терминдерді жүйеге келтіру сынды салмақты мәселелер қаралуда.  Сондай-ақ құрамында этилдік спирті бар дәрі-дәрмектер мен заттарды тұтынудың үкімі секілді діни мәселелер мен пәтуалар осы Кеңес отырысында талқыланбақ.


 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close