21 маусым. KAZISLAM – Ауғанстанның Джалалабад қаласында жарылыс болып, 1 адам қаза тауып, 20 тұрғын жарақат алды, деп жазады Хабар 24.

Ақпаратқа қарағанда, полиция көлігі жол шетіне қойылған бомбаға түсіп жарылған.

Қастандықты қандай лаңкестік топтың ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, өткен аптада осы шаһарда тағы бір көлік минаға жарылып, 9 адам опат болған еді. Ол лаңкестікті де қандай топтың жүзеге асырғаны әлі белгісіз.