Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Шығыс Иерусалимде 200 мың мұсылман жиылды, деп хабарлайды aa.com.tr.

Исламдағы қасиетті орынның бірі – «әл-Ақса» мешітіне таң атысымен мыңдаған мұсылман ағылды.

Израиль полициясы ескі қала ауданындағы жол қозғалысын тоқтатып, тек автобустарға рұқсат берді. Алғашқы жұма намазды мешіттің имамы шейх Мұхаммед Седим жүргізді. Имам өз уағызында израильдік басылымның біріне жариялаған АҚШ-тың «Ғасыр келісімі» жоспарын айыптады. Шейх Мұхаммед Седим ислам әлемінен Палестина мүддесін қорғауға шақырды.