Ақырғы елші Мұхаммед (с.а.с.) келгенде, оны да мойындамады. Өйткені ақырғы пайғамбардың өздерінен шықпағандығына наразылық танытты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, олар «Біз Тәураттың қисынына саламыз. Яғни сиырға табынғанымыз қырық-ақ күн. Сондықтан тозақта қырық күн азап шексек болды, сонымен біздің жазамыз бітеді» дейтін.
Хақ тағала оларға жауап ретінде мына аяттарды түсірді:
«Бірде олар: «Белгіленген күннен басқа күндерде бізге азап келмейді» деді. Сен айт: «Алладан уәде алып па едіңдер? Егер алсаңдар, Алла уәдесінде тұрады. Жоқ әлде Алла жайлы анық білмейтін нәрселерді сөз етудесіңдер ме?»(Бақара, 80)
Құдайберді БАҒАШАР